Бүгін Түркістан халықаралық әуежайы ашылды. Оның ашылу рәсіміне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты. Халықаралық стандарттарға сай салынған әуежай қаладан 20 шақырым жерде орналасқан.
Жобаны іске асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылған, құрылыс рекордтық мерзімде аяқталып отыр. Түркістанның жаңа әуе айлағынан бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан кейін Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады.Бастапқы кезеңде Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр. Әуежай шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін “ашық аспан” режиміне қосылатын болады.