Атырау облысында карантин мерзімі екі аптаға ұзартылды. Облыстың бас санитария дәрігерінің тиісті қаулысына сәйкес, карантин уақыты 28 қыркүйектен 12 қазан аралығын қамтиды. Шектеу шарасы аймақта COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында қолға алынды. Осы уақыт ішінде ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың (ашық аспан астында жұмыс жасайтындарды қоспағанда) қызметіне тыйым салынды.
Ұйым кеңселерінде қызметкерлер 50% -тен аспауы керек. Алайда қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге, оның ішінде сауда үйіндегі бөлек үй-жайларда орналасқан мекемелерге рұқсат етілді. Ал ашық жерлерде 50-ден көп қонақ болмауы керек, бір отбасы мүшелерінен өзгелері кем дегенде 2 метр арақашықтықты сақтау қажет. Бір орынға 4 адамға ғана отыруға болады.