Қырғызстанда екі адам өзін елдің бас прокуроры етіп таныстырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “АКИpress” басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұлар – депутаттықта үміткер болған “Бір бол” саяси партиясынан Алмамбет Шыкмаматов және “Чон Казат” партиясынан Сыймык Жапыкеев.
Сондай-ақ бір топ адамның Бас прокуратура ғимаратына дейін барғаны хабарланды. Оның жанында 300-ге жуық адам жүр. Ғимаратқа Сыймык Жапыкеев кірген, ал ішінде Алмамбет Шыкмаматов отыр.
Бас прокуратурада қазір жиналыс өтіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Шыкмаматов бас прокурордың кабинетін алып, БАҚ алдында өзін бас прокурордың міндетін атқарамын деп таныстырды.