Қазақстанда коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеу ақысы арзандайды. «Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест-жүйе арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі», – деді Алексей Цой.