АҚШ-тың 44 штатында COVID-19 вирусы өршіп тұр

Өткен аптада 9 бірдей штатта шілде айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш тіркелді. Бір тәуліктің ішінде 70 мыңнан астам американдық індетті жұқтырып, 40 мыңға жуығы ауруханаға жеткізілді. Вирус жаз айларындағыдай тек мегаполистерде емес, алыс шалғайдағы елді мекендер мен ауылды аймақтарға жеткен. Ал адам өлімі бойынша Калифорния, Флорида және Техас штаттары алда келеді.