Алматыда коронавирус инфекциясының көрсеткіші артып келеді. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. «Ахуал салыстырмалы түрде алғанда қазір тұрақты. Ауру жағдайлары кезең кезеңімен артып келеді. Айдың басында күніне 3-5 жағдай тіркелсе, қазір күніне 15-20 адам тіркеледі», – деді Жандарбек Бекшин. Алматыда COVID-19 тіркелгелі бері 14 622 жағдай лабораториялық жолмен расталды. Оның 8 791-і симптомды, 5 871-і симптомсыз болып отыр. 1 тамыздан бастап (коронавирус пневмониясы есебі енгізілген кез) 998 коронавирус пневмониясы тіркелген.