26 қазан күні Қазақстанда 152 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның басым бөлігі (142) – вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталғандар (U07.01 коды). Өткен тәулікте Covid тесті теріс нәтиже берген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға (U07.02) шалдыққан 10 науқас анықталған.
Бір күнде 6 адам қайтыс болған: коронавирус жұққаны тестімен расталған науқастар арасында – 5 адам өлімі, коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 1 адам өлімі тіркелген.
Індет басталғалы елде барлығы 147 615 адамға коронавирус жұққан: 110 684 адамға коронавирус жұққаны тестімен расталған, қалған 36 931 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.