Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей кішкентай балаға зорлық көрсетті деп айып тағылған күдікті ақталып шықты. Жеткіншектердің анасының айтуынша, іссапарда жүрген кезде оның 4 және 9 жастағы екі баласына өгей әкесі зорлық-зомбылық көрсеткен – деп хабарлады Хабар 24 телеарнасы. Қорлыққа шыдамаған жеткіншек хат жазып қалдырып, үйден қашып кеткен. Сол кезде ғана туыстары сұмдық жағдайдан хабардар болған. Қылмыстық тексеру кезінде күдіктіге тағылған айып расталып, алғашқы сот отырысында ол кінәсін толық мойындаған. Сөйтіп, оны 16 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Алайда кейін сотталушының туған-туысы адвокат жалдап, күдіктіні ақтап алыпты. Екінші алқа билер отырысында одан барлық айып алынды. Сот өкілдері бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ дейді. Ал заңгерлер бұл іске қоғам назарын аудару керек деп санайды.