Көкшетауға сырттан келетіндердің ПТР анықтамасы болуы тиіс

Енді Көкшетауға да сырттан келетін азаматтар ПТР анықтамасымен ғана кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Аймақтың бас санитар дәрігері карантин талаптарын күшейту жайлы жаңа қаулы шығарды. Естеріңізде болса, 7 қарашадан бастап облыс орталығының айналысына санитарлық бекеттер қойылып, қалаға кірген адамдардың қызуы өлшеніп келген болатын. Енді 13 қарашадан бастап өзге облыс тұрғындарының ПТР анықтамасы да тексеріледі. Жаңа қаулыға сай көкшетаулықтардың қала ішінде кешкі 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ал аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұған дейін сенбі-жексенбі ірі бизнес нысандары ғана жабылып келген еді.