Ақмола облысында 13 қарашадан бастап санитарлық бекеттерде карантин күшейтілді. Облыстың бас санитары карантин талаптарына өзгеріс енгізді. Жексенбі және мереке күндері қоғамдық көлік тоқтайды, азық-түлік дүкендері екі сағатқа ерте ашылады деп хабарлайды ktk.kz. Айта кетейік, басқа облыстардың тұрғындары ПТР-анықтамасынсыз Көкшетау қаласына кіре алмайды.