Ресей Елшілігінің қызметкерінен коронавирус анықталды

Ресей Елшілігінің қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы көліктегі бас санитария дәрігері Садуақас Байғабылов мәлімдеді. Елордаға ұшып келген бетте елшілік қызметкерінен ПТР тест алынған. Қызметкер дереу 14 күнге оқшауланды.