Алматыда тағы да 362 «Сергек» камерасы орнатылмақ. Олар жыл соңына дейін шаһар көшелеріне қойылады. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8%–ға төмендеген. Қоса кетсек, жалпы қалада 2050 бейне камера бар.