Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды

16 қарашада Қазақстанда 23 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 54 адам жазылды, өткен тәулікте пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 40 220 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 421 адам қайтыс болған, 29 634 адам жазылған. Дүйсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 7 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1952 адамға жетті. Қазір 9 319 адам коронавирустан емделіп жатыр.