Apple компаниясы iPhone 12-де ақау бар екенін мойындады

Жаңа iPhone 12 смартфондарынан ақау табылды. Тиісті құжат Apple сайтындағы техникалық қолдау бөлімінде жарияланған. іPhone 12 сериялы құрылғылардың және есту қабілеті нашар адамдарға арналған аксессуарлардың иелері кейбір дыбыстық ақауларды байқауы мүмкін, деп ескертті Apple. Атап айтқанда, смартфонға қосылған гарнитурадан бөтен дыбыс шығуы мүмкін, мысалы қатты шуыл немесе тырсыл. Инженерлер бұл мәселені жақын арада жаңарту шығару арқылы шешуге уәде берді.