Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 қылмыс жасаған педофилге үкім шықты. Сонымен қатар қылмыскердің әйел досы мен оның қызы сотталды. Олар қылмысты біле тұра полицияға хабар бермеген. Кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталған Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының тұрғыны 26 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады “Литер” газеті. Сондай-ақ, сотталушының әйел досы мен оның қызына да үкім шығарылды. Екі әйел ер адамның осы аудандағы екі қызға қатысты бірнеше рет қылмыс жасағанын білген, алайда бұл туралы полицияға хабарламаған.