Алматыда 10 адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ер адам бұған дейін 2013 жылы 8 адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған. “Қара бүркіт” түрмесінде жазасын өтеп жүргенде қылмыскердің тағы екі әйелдің өліміне қатысы бары анықталды. Қылмыс 2001 жылы күзде жасалған. “Ер адам жәбірленушілердің пәтерін иемдену үшін олардың сеніміне кірген. 2001 жылы қазан айында екі әйелді жалға алған үйге шақырып, өлтірген. Қаскөйдің қасында сыбайластары да болған. Артынша ол құқық белгілеуші құжаттарды алып, жалған сенімхатпен пәтерлерді сатып жіберген”, – деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Facebook-те. Сот үкімімен ол тағы да өмір бойына бас бостандығынан айырылды.