ШҚО әкімі коронавирус туралы: өңірде жағдай күрделі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Коронавирус алғаш тіркелген сәттен бері 14 402 адам вирус жұқтырды. Бүгінде облыс ауруханаларында 659 адам жатыр”, – деді Ахметов. Оның айтуынша, оқу жылы басталғаннан бері облыста 410 оқушы індетке шалдыққан. Вирус табылғаннан кейін барлық мектеп жабылып, оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылған. “Қазір ауруханаларда бірде бір оқушы жатқан жоқ”, – деді өңір басшысы.