Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ. Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі..