Қазақстандық Қарақат Башанова “Балалар Евровидениесінде” 2020 ән байқауында екінші орын алды

Бұл байқауда 12 жастағы әнші қайтыс болған әкесіне арнаған “Мәңгілік” әнін орындаған. Бірінші орын Франция өкілі Валентинаға бұйырды деп хабарлайды жарыстың ресми сайты. Дауыс беру нәтижелері бойынша француз қызы 200 балл жинаған. Қарақатта -152 балл. Үздік үштікті испаниялық Солеа қорытындылаған (133 ұпай). Биыл финалға 12 орындаушы қатысты. Жеңімпаз қазылар алқасының дауыс беруі және көрермендердің онлайн-дауыс беруі нәтижесінде анықталды.