Атырау облысында көлік жолаушысы мен полицейлер атысты. Түнде көлік жүргізуші мен жолаушы полицейлерге оқ жаудырған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған УАЗ көлігін тоқтатуға тырысқан. Алайда жүргізуші заң талаптарна бағынбай, полицейлердің “Нива” автокөлігін атқан. Оған жауап ретінде тәртіп сақшылары табельдік қарудан бір рет ауаға ескерту оғын атып, содан тәртіп бұзушылардың көлігінің дөңгелектеріне дәлдеген. Нәтижесінде Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының тұрғыны ұсталды. Одан тіркелмеген 16 калибрлі ИЖ маркалы аңшылық мылтық тәркіленді. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.