Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті. Мұның алдында ол «қызыл аймақта» болатын. Өңірде алдыңғы аптамен салыстырғанда аурудың өсу көрсеткіші төмендеді деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасындағылар. Өңірде 76 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Олар облыстағы карантиндік-шектеу шараларын түсіндіреді, және олардың сақталуын бақылайды.