“Гарант 24 ломбард” ісіне қатысты 50 күдікті жауапқа тартылды

“Гарант 24 ломбард” ісіне қатысты 50 күдікті жауапқа тартылды. Олардың 33-не соттың санкциясы бойынша “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы, қалған 5 күдіктіге үйқамақ, 12 адамға ешқайда кетпеу туралы шешім тағайындалды. Сонымен қатар, 6 күдікті іздестіріліп жатыр, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Еске салайық, 21 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында “Гарант 24” және “Estate Ломбард” салымшылары компания кеңсесіне жиналып, салған ақшасын қайтап беруді талап еткен болатын. Бұл компанияларды жарнамалаған танымал қазақстандықтар да мәлімдеме жасаған еді.