23 жастағы ақтөбелік лагерь тәрбиешісіне қатысты апелляциялық іске нүкте қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
“Жас балаларды азғындық жолға түсірді” деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Әліби Өтепбергенге қатысты апелляциялық қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
“Шабыт” университетінде оқыған белсенді студент 10 жылын қатаң режимдегі абақтыда өткізеді. Сотталушының туыстары сот үкіміне келіспей, жоғарғы сотқа арыз түсіретіндерін мәлімдеді.