Алдағы мерекелер қарсаңында темір жол мен әуе тасымалы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді. Айтуынша, тек «қызыл» аймақтар бойынша шектеулер күшінде болады. Қалған өңірлерде қосымша ешқандай шаралар жоқ.