Бүгін Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталады

Бүгін, 10 желтоқсанда кешкі сағат 18:00-ден бастап республика бойынша мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы алдындағы үгіт-насихат басталады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін үміткерлерді ұсыну және партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылды. Орталық сайлау комиссиясы барлық алты саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді. Олар: Nur Otan партиясы; Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы; Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы Коммунистер партиясы); “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы; “Адал” партиясы (бұрынғы “Бірлік” партиясы); Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП). 2021 жылы 9 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де үгіт-насихат тоқтатылуы тиіс. Сол күн тыныштық күні болады. Ал 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет.