Алматыдағы бизнес-орталықтан шыққан өртке қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. “Кәусар” тұрғын үй кешеніндегі бизнес-орталықтың қызыл жалынға оранып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алмалы ауданындағы төртқабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңседе болған өрт 15 минуттың ішінде сөндірілді. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің мамандары өрт кезінде адамдар болмағанын айтты. Өртсөндірушілер қызыл жалынның жоғарғы қабатқа және көршілес бөлмелерге таралуына жол бермеді. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрге тең.