Жұлдыз Әбдікәрімова: Еркектер “қысқа кидің” деп қыздарға бас салса, кім жауап береді?

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары халық арасында қызу талқыланып жатқан “Жезөкше” атты бейнероликке қатысты бар ойын айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова атышулы видеоны таспалағандарға деген наразылығын білдіріп, олардың жіберген қателігін баса айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Қоғамды қыз арқылы ғана тәрбиелейміз деген қате түсінік. Қоғам жалғыз қыздан ғана құралмайды. Оның екінші бөлшегі – еркек. Қысқа кидің екен деп бөтен еркектер осы роликті көріп алып, қыздарға дәл осылай бас салса, кім жауап береді?!” , – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында.