Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салдырды. Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді. Жамбыл облысының басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын айтты. Қазір Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүріп жатыр. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін”, – деді Бердібек Сапарбаев. Облыс әкімімен бірге Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина салынды.