Танымал боксшы Ділдәбеков басшылық қызметке тағайындалды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Олимпиада ойындарының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков №1 Шымкент қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры болып тағайындалды”, – деді ол. Аталған спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Білім ордасы спорттың 8 түрі бойынша жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбоксинг, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.