Еліміздің үш облысында тасжолдар жабылды

Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында – барлық бағыт бойынша.

Қостанай облысында тасжолдарда:

Екатеринбург-Алматы (Сарыкөл кентінен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);

Мамлютка-Қостанай (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске).

Ақмола облысында тасжолдарда:

Көкшетау-Рузаевка (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);

Көкшетау-Омбы (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);

Нұр-Сұлтан-Петропавл (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);

Макинск-Ақсу-Торғай (Макинск селосынан Торғай селосына дейінгі учаске).