Балаларға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Балаларға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды. 11 қаңтарда тиісті заң күшіне енді деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз. Енді кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік күшейтілді. Мысалы, қылмыстық кодекстің 126-бабы «Зорлау қылмысы» бойынша айтатын болсақ, қылмыстық топ құрамында жасаған қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін көбейтілді. Ал өгей әкесі мен педагогтің осындай қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімі 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайды. Бұрын бұл норма 12 жылдан 17 жыл аралығында болатын. Осындай өзгерістер қылмыстық кодекстің 121,122, 134,144,312- баптарына енгізілді.