Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Әлеуметтік желілерде және сайттарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат жалған. Нұрашев жұмыс орнында отыр. Қала әкімдігі қажет ақпаратты және тергеуге дейінгі тексеріске қатысты түсінік беруге дайын” делінген хабарламада. Айта кетейік, Антикор бұған дейін Сапар Нұрашевтың ұсталғанын хабарлаған еді. БАҚ мәліметінше, шенеунік қаладағы модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.