Еріктіге QazCovid-in вакцинасыннан қайтыс болса 500 мың теңге төленеді. Қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізу кезінде осындай мөлшерде сақтандыру төлемі қарастырылған. Бұл туралы клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі мәлімдеді деп хабарлады tengrinews.kz. Сақтандыру сертификатына сәйкес, егер вакцинация салдарынан еріктіде өлім немесе I, II, III топтағы мүгедектік жағдайы тіркелсе, төлем жасалады. Сақтандыру 6 ай бойы жарамды. Бұған дейін клиникалық сынаққа қатысқандарға 200 мың теңге көлемінде сыйақы уәде етілген. Алайда, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ескергенде, оның сомасы 160 мың теңгеге тең болған.