Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды. Педагог мемлекеттің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салып, алаяқтық жасаған деп айыпталған. Бұл турал Астана арнасы хабарлайды. Еңбекші аудандық сотының судьясы Аинель Орақбаеваның айтуынша, айыпталушы мектеп директоры бола тұра өзінің қол астындағы мұғалімдердің айлықтарын иемденген. Еске сала кетсек, мектеп директоры өткен жылы жазда пара алу кезінде ұсталған. Ол карантин кезінде орнында қалдыру үшін мұғалімнен 135 мың теңге ақша бопсалаған.