Алматыдағы Аққкент ықшам ауданындағы өрт шыққан тұрғын үйде апат баспалдағына кірер есік жабық болған, сондай-ақ ғимаратта желдету жүйесі істен шыққан. Кешегі өрттен 49 адам зардап шекті. Оның ішінде 2 ересек адам, 15 бала ауруханада ем алып жатыр. Науқастардың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Өкінішке қарай, өрт салдарынан 1 жас келіншек көз жұмды. Ол 5-ші қабаттан секірген кезде ауыр жарақат алған. Жергілікті әкімдік тұрғындарға уақытша тұрақтау үшін сол маңдағы лицей мен қонақ үйден жатын орын ұйымдастырған. Дегенмен адамдардың көбі әзірге туысқандарын паналап отыр. Үйді салған құрылыс компаниясы марқұмның отбасына 2 бөлмелі пәтер беретінін айтты. Апаттың шығу себебі әлі белгісіз. Өртке қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоаралық комиссия құрылып, тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр.