Полиция қызметкерлері бала саудасы фактісін 23 шілдеде анықтаған. Заңсыз әрекет туралы жедел ақпарат облыстық криминалды полиция басқармасына келіп түскен соң, ведомство қызметкерлері бір жарым айлық шақалақты бауырына басқан сәбисіз жұпты анықтады. Бұл келісім Ақмола облысының аумағында ерлі-зайыпты мен сәбидің анасы арасында жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін босанған әйел ұрлық пен алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ криминалды полиция жаңа туғаннан үш жасқа дейінгі балаларға арналған өңірдегі мекемелердің біріндегі қызметкердің аталған қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша “Адам саудасы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеу арқылы жеті жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.