Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады

Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz . Алматы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш адамнан тұратын топ стандартты схема бойынша әрекет еткен. Алдымен олар аулаларды аралап, терезелер мен кіреберістерді бақылаған. Осылайша, құрбандарын таңдаған. Олар негізінен жұмыс күндері қылмыс жасаған. Соңғы рет олар жалпы сомасы миллион теңге болатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап кеткен. “Екеуі тонауға бет алғанда, үшіншісі көлікте күтіп отырады. Былайша айтқанда, сақтық”, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.