Бір қызығы жөндеу жұмыстары шұғыл түрде талап етілмеген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көкшетау көлік прокуратурасы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайда екеніне байланысты “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының Ақмола облыстық филиалы конкурс өткізбей, шарт жасағанын анықтады. Бұл мәміле бойынша 2,3 миллиард теңге сомасына “Жақсы-Есіл-Бузулук” Республикалық маңызы бар автожолына жаңа көпір салып, жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл көпір шұғыл жөндеу жұмыстарын талап ететін жағдайда болмаған, оған қоса тендер өткізуге кедергі келтіретін технологиялық бұзушылықтың басқа да жағдайы болған жоқ”, – делінген хабарламада.