Жарты миллиард теңге жымқырған “Әскери құрылыс” компаниясы ақшаны қашан қайтаратыны айтылды

Қорғаныс министрлігі өкілдері жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген “Әскери құрылыс” құрылыс компаниясына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов “Әскери құрылыс” бойынша мәселе 2021 жылдан бері жүріп жатқанын мойындап, барлық қарыз биыл жыл соңына дейін өтелетінін айтты. Айта кетейік, “Әскери құрылыс” басшылығы жалған шарт жасау арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген еді. Келтірілген залал сомасы – 596 миллион теңге. “Әскери құрылыс” АҚ экс-президенті Е.Тәжиденовтің қарамағындағы адамдар, оның ішінде туған інісі мен жиені, сонымен қатар, тағы 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.