Солтүстік Каролина Университеті ғалымдарының болжамы осындай. Олардың топшылауынша, күзде тәуліктік өсім 240 мыңға, ал бір күндегі өлім көрсеткіші 4 мыңға дейін жетуі мүмкін. Өйткені қазір елде вирустың дельта штамы тез тарап барады. Тіркеліп жатқан оқиғалардың 82 процентінде осы мутация анықталады. Жергілікті ақпарат құралдары эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік маска тағу тәртібін күшейтуі мүмкін екенін хабарлады. Сондай-ақ міндетті вакциналау мәселесі де қызу талқыланып жатыр.