АҚШ Украинаға қосымша әскери техника жөнелтеді

АҚШ Украинаға қосымша әскери техника жөнелтпек. Ақ үйде одақтас елдермен бірігіп, аймаққа танк және әуе шабуылына қарсы қару жеткізілетіні хабарланды. Сонымен қатар Құрама штаттары Patriot атты екі зымыран батареясын Польшаға көшіретінін мәлім етті. Пентагонның пікірінше, бұл қарулар кез келген қауіпке төтеп бере алуға қауқарлы. Естеріңізге салайық, бұған дейін Альянс басшысы Йенс Столтенберг Ресеймен жанжалдасуға ниетті емес екенін білдірсе, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға американдық әскердің аттанбайтынын хабарлаған.