АҚШ-та жылдық инфляция 8 процентке жетті

Бұл кейінгі 40 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Статистиканы елдің еңбек министрлігі ұсынып отыр. Аймақта жанармай мен мұнай бағасының өсуінен тұтынушылық тауар құны да шарықтап барады. Ақ Үй басшысы Джо Байденнің айтуынша, инфляцияның ушығуына соңғы бір айда газ бен энергия көзінің қымбаттауы да әсер етті. Ал экономистер болса, Украинадағы қарулы қақтығыс пен Құрама Штаттарының Ресей мұнайынан бас тартуынан баға әлі де аспандайтынын айтып отыр.