АҚШ жұмыссыз қалған азаматтарына аптасына 400 доллардан береді

АҚШ жұмыссыз қалған азаматтарына аптасына 400 доллардан береді. Ел билігі коронавирустан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жалғастырады. АҚШ президенті қаржылай көмек көрсету туралы қаулыға қол қойды. Енді жыл соңына дейін азаматтар білім несиесін төлеуден босатылады. Жылдық табысы 100 мың доллардан аспайтын америкалықтар табыс салығын уақытша төлемейді. Сонымен қатар, үйді жалға алу құнын өтей алмай жүргендер пәтерден шығарылмайды.