Қобда ауылы тасқынынан зардап шекті, тұрғын үйлер мен ірі әлеуметтік нысандарды су басты. Адамдар жылда өз күштерімен суға бөгет қоятын. Бірақ бұл жолы еріген судың тасқыны қатты болғаны соншалық, ауыл тұрғындары ес жиып үлгермеген. Көбі тек құжаттарын алып үлгерген. Көптеген тұрмыстық техника зақымданды. Ауылда эвакуация жүргізілген. Құтқарушылар су басқан үйлерден барлығы 92 адамды алып шықты. Ресми мәлімет бойынша, 15 үй мен 28 ауланы су басқан. Су тасқынының алдын алу үшін билік Самара-Шымкент тасжолының бөлігін жабуды ұйғарған. Онда су құйылатын арна қазылды. Көлік қозғалысы қауіпсіз болған кезде қалпына келтіруге уәде берілді. Жергілікті билік Қобдада соңғы 30 жылда мұндай су тасқыны болмағанын айтады. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов зардап шеккен әрбір отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі деп уәде етті.