Цукерберг Meta-ның 10 мың қызметкері жұмыстан шығатынын мәлімдеді

Ол бұл туралы компания қызметкерлеріне хат жолдаған. Марк Цукерберг 2023 жылды “Тиімділік жылы” деп атап, компания шығындарын шамамен 5 миллиард долларға дейін қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, бұл айтарлықтай қаржы жетіспеушілігі жағдайындағы шығыстарды азайту бойынша кезекті шара болмақ. Алдағы бірнеше айда басшылық жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысы, сұраныс төмен жобалардан бас тарту мен компанияны қайта құрылымдауға қатысты жоспарларын жариялайды.