Ақтөбе облысының бұрынғы ауыл әкімі 5 жылға сотталды. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұғалжар ауданына қарасты ауылдық округтің экс-әкіміне аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол өз мұқтаждығына пайданалану мақсатында жалған құжат пен қолхат жасағаны үшін кінәлі деп танылды делінген хабарламада. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне “Құлан” бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңге несие бергені анықталды.