Мың қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Мың қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынады. Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағының ІІІ деңгейі өтіп жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев хабарлады. Оның айтуынша, еріктілермен келіссөз жүргізіледі. Екпе салынғаннан кейін антидене мен иммунитет қалыптасуы тексеріледі. Бірінші және екінші кезеңге 244 қазақстандық қатысты. Бәрі сәтті аяқталды. Кері әсер мен асқыну белгілері жоқ.