Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды. Мектептен қайтар жолда ит талаған қыздың сау жері жоқ, әбден шошынып қалған. Қазір балалар ауруханасында ем алып жатыр. Анасы полицияға арызданған. Ал, ветеринарлар қаланың әр ауданында қаптап кеткен иесіз иттермен қалай күресетіндерін білмейді, себебі, жаңа заңға байланысты ит аулау тоқтатылған. Дәрігерлер қыздың басын үш жерден, аяғын 21 жерден тіккен. “Ауруханаға түскен кезде жарақатына байланысты жағдайы ауыр болды. Қазір жағдайы қалыпты. Бірақ, иттен қорқып қалған. Қызбен психологтар жұмыс істейді”, – дейді дәрігерлер.