Атырауда VIP-нөмірлер жалған түбіртекпен сатып алынған

Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады. Сатып алынған нөмірлердің сомасын тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам қаражат бюджетке түспегендігі белгілі болды. Бұл дерек бойынша қала прокуратурасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.