Ақтөбе қаласында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды. Бұл іс бойынша полицейлер 9 адамды ұстады, деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 3 адамды қамауға алған. Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Зорлықпен өлтіру белгілері бар екі адамның мәйіті Ақтөбедегі Елек өзені жағасында орналасқан “Оазис” монша кешенінің қарсы бетінен табылды.